Еліміз бойынша таңдаулы шаруашылықтардың ішінен екінші орынға ие болды.
Меркі ауданындағы Ақермен ауылында 3 мыңға жуық тұрғын бар. Оладың көпшілігі асылтұқымды қой зауытында еңбек етеді.
Шаруашылық ұжымы жұмысшыларға сый-сыяпат көрсетумен шектелмей, ауыл тұрғындарының игілігіне жаңа спорт алаңы мен мейрамхана соғып берді.
Жалпы, өңірде 557 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары себілген. Енді шаруалар соның бірде-бір дәнін шашпай-төкпей қамбаға құйып алмақшы.
Диқандар алқаптардан гектарына ең кемінде 20-21 центнерден өнім аламыз деп құлшынып отыр.
Сәбит ӘЛДЕБАЙ