Қазір бес қабатты 37-ші тұрғын үйдің сырт келбеті көрікті. Себебі, «Терможаңғырту» бағдарламасы бойынша жөнделген. Алайда, бұл сырт келбеті ғана.
Осыдан сегіз ай бұрын жауған жаңбырдың салдарынан төбелері үгіліп, қабырғалары көгерген пәтерлердің қалпы өзгеріссіз сол күйінде тұр.
Тұрғындардың айтуынша, үйге жөндеу жүргізген мердігер компания, не қалалық әкімдік келіп, шығынның орнын толтыруға құлық танытпаған.
№37 тұрғын үйдің бірнеше пәтерінде ешқандай жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Демек, шенеуніктердің уәделері жалғанға ұқсайды. Олар кейбір пәтер иелерін 8 ай өтсе де, таба алмай жүрген көрінеді.
Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ