Жалпы газдандыру экологиялық ахуал мен елдің тұрмыстық жағдайын түзеумен қатар, 120 мыңнан астам халық тұратын аймақтың инвестициялық ахуалын жақсартып, экономикалық қуатты арттыруға мүмкіндік берілген.
Көгілдір отын жағып, тұрмысы жайлана түскендердің қатарында Зертас ауылында тұратын Байзақ ақсақалдың шаңырағы бар. Жасы тоқсаннан асқан қария – соғыс ардагері. Табиғи газдың келуі көпбалалы әрі қонақжай отбасының тірлігін шуақты ете түсті.
Ғани ҚАЛМАХАНОВ