Николай Демин: Өмірім тек медицинамен байланысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Николай Демин: Өмірім тек медицинамен байланысты

19.06.2015
Николай Демин: Өмірім тек медицинамен байланысты

Себебі оның осы салада жүргеніне 50 жылдан асқан. Сонымен қоса, жұбайы мен екі баласы да дәрігер.

Биылғы мектеп бітірген немересі де медициналық институтқа құжат тапсырған. Николай Демин қан орталығына келген ерікті донорлармен жұмыс істейді.

Қан өткізуге келген ниеттілердің бұрын қандай дертпен ауырғанын, қандай да бір сырқатпен есепте тұрған тұрмағанын, қысқасы донордың қан өткізуге жарамды немесе жарамсыз екенін осы кісі анықтайды.

Дәрігердің айтуынша, соңғы жылдары бұрынғыдай емес, қан өткізуге келетіндер саны артып келеді. 

 

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу