Таразда 9 қабатты әкімшілік ғимараты өртке оранды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда 9 қабатты әкімшілік ғимараты өртке оранды

19.06.2015
Таразда 9 қабатты әкімшілік ғимараты өртке оранды

Нысан ішінде облыстық әкімшіліктің басқармалары, департаменттері мен студенттер емханасы сынды ондаған мекеме орналасқан. 

Дабыл қағылысымен қызметкерлер сыртқа шығарыла бастаған, алайда лаулаған жалын шығар есіктерді лезде шарпып, шарасыз қалғандарға жоғарғы қабаттардан секіруге тура келген.

Өрттің салдарынан 6 адам зардап шеккен. Оның үшеуі түтінге уланып, тағы үшеуі дене жарақатын алып ауруханаға түскен.

Тосын оқиғаға байланысты қалада төтенше жағдай жарияланып, алапат жалынды ауыздықтауға ондаған техника мен өрт сөндіру бөлімшелері жұмылдырылды.

Көп ұзамай тілсіз жау толықтай тойтарылды. Қазір өрттің неден шыққаны және шығын көлемі анықталуда.

 

Сәбит ӘЛДЕБАЙ

Хабарламаларға жазылу