Ұлттық арнаға Өскемен қаласының іргесіндегі Ахмер ауылының тұрғыны Қайрат Оразаев қоңырау шалды.
«Бізге 2010 жылы жер берілген. Сол жерге қоныстанып, үй салдық. Бірақ, бес жыл болды, не жарығы жоқ, не суы жоқ. Ауыл тұрғындарына осы мәселенің шешілуіне көмектесулеріңізді сұраймын», дейді Қайрат Оразаев.
Көрермен сауалы бойынша Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Бұлбұл Бакинова жауап береді.
Берік КӨШЕРБАЕВ