Қостанайда 6 жасар бала паркингке құлап зардап шекті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда 6 жасар бала паркингке құлап зардап шекті

18.06.2015
Қостанайда 6 жасар бала паркингке құлап зардап шекті

Қостанайда 6 жасар бала 5 метр биіктіктен құлап ауыр жарақат алды. Қазір зардап шеккен бүлдіршін облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр.

Оқыс оқиға жаңа салынған үйдің ауласында болған. 

Биіктен құлаған баланың бас терісі зақымданып көп қан кеткен. Баланың ата-анасы оқыс оқиғаға құрылыс жүргізген мердігерлерді кінәлап отыр.

 

Дәуренбек ӘБДІБЕК

Хабарламаларға жазылу