Түркияның 9-шы Президенті Сүлеймен Демирел өмірден өтті (толығырақ) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияның 9-шы Президенті Сүлеймен Демирел өмірден өтті (толығырақ)

17.06.2015
Түркияның 9-шы Президенті Сүлеймен Демирел өмірден өтті (толығырақ)

Дәл сол кезде Түрік Республикасын премьер министр Сүлеймен Демирел басқарып тұрған еді.

Аса көрнекті мемлекеттік қайраткердің қайтыс болуына орай Түркияда үш күндік аза тұту жарияланған.

Қазақстанға деген құрметі ерекше болған Сүлеймен Демирел Түркияны ұзақ жылдар басқарып, үкімет тізгінін 5 рет ұстаған. Бірқатар экономикалық реформа жүргізіп, Түрік елінінің дамуына зор үлес қосқан ірі тұлғалардың бірі. Алматы қаласында оның есімімен аталатын жоғары оқу орны бар.

Бұрынғы мемлекет басшысымен қоштасу 19 маусымда мемлекеттік деңгейде өтіп, денесі жер қойнына тапсырылады.

 

Бақытжан ОМАР

Хабарламаларға жазылу