Еліміз бойынша 32 мың бала ата-ана қамқорлығына мұқтаж - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміз бойынша 32 мың бала ата-ана қамқорлығына мұқтаж

16.06.2015
Еліміз бойынша  32 мың бала ата-ана қамқорлығына мұқтаж

Еліміз бойынша 32 мың бала ата-ана қамқорлығына мұқтаж. Бұл туралы бүгін ҚР Білім және ғылым министрлігі Балаларды қорғау комитетінің өкілдері мәлімдеді.

Жетім балалардың 80 пайызының ата-аналары мен туған-туыстары бар болғанымен, олар түрлі себептермен балаларына тәрбие бере алмай отыр. Осы тұрғыда мамандар әлеуметтік жетімдіктің алдын алу мәселелеріне көптеп көңіл бөлу керектігін айтады.

«Әлеуметтік жетімдікпен күресудің ең бір тиімді жолы - арнайы әлеуметтік қызмет көрсету топтарын құру», дейді жиынға қатысушылар.

 

Айдана ҮСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу