Семейде төтенше жағдай жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде төтенше жағдай жарияланды

15.06.2015
Семейде төтенше жағдай жарияланды

Жарты сағаттан астам уақытқа созылған дауылдың салдарынан жоғары вольтті желінің бірі үзіліп, 11 қосалқы электр станцияның жұмысы тоқтады. Салдарынан 58 мыңға жуық абонент жарықсыз қалған.

Су сору станциялары электр қуатының жоқтығынан жұмыс істемей, 13 мың абонент сусыз қалды. Әсіресе қаланың сол жағалауы көп зардап шекті.

24 көліктің үстіне ағаш құлап, қиратқандығы туралы ақпарат түскен. 10 көшені су басып, бағдаршамдар істен шыққан. Көлік қозғалысы қиындаған.

Қатты дауыл 11 орта мектептің шатырын ұшырып кеткен. 12 көпқабатты тұрғын үй, 30 жеке меншік үйге зардап келген.

Жарақат алған 10 шақты адам ауруханаларға жүгінген. Кешеден бері қала әкімшілігінде арнайы штаб құрылып, табиғи апаттың салдарын қалыпқа келтіру жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатыр.

 

Ержан ЖАҚЫП

Хабарламаларға жазылу