Қазір МАГАТЭ елде аталмыш банктің орналасуын мақұлдады. Келісімге тамыз айында қол қойылмақ.
Кейін елде жүргізілетін құқықтық-нормативтік әзірліктен кейін бір жылдың ішінде материал тасымалы басталмақ.
Жобаға қарастырылған 150 миллион доллар қаржының 49,5 миллионын АҚШ, Еуроодақ 25 миллион еуро, Кувейт пен Араб әмірлігі 10 миллион доллар бөлген.
«Өскемендегі Үлбі металлургиялық зауытының аумағында орналасатын уран қорының қоршаған ортаға еш зияны жоқ» дейді сарапшылар.
Айта кетейік, төмен байытылған уран материалы толығымен МАГАТЭ иелігінде болады. Банктiң құрылуы барша әлемде уранды бейбiт мақсатта қолдануға мүмкiндiк бермек.
Әлия ӘШІМ