Терминдерді біріздендіріп, реттелген қорын құру үшін арнайы институт ашу керек. Сол кезде ғана салалық терминдер қазақ тілінің талаптарына сәйкес реттеледі.
Мұндай ұсыныс бүгін Астанада басталған медициналық терминологиядағы қордаланған мәселелерді талқылаған дөңгелек үстел барысында айтылды.
Жиынға қатысушылар саладағы латын, грек тілінен аударылған, бүкіл әлемде қолданылатын терминдерді сол қалпында қалдыру керектігіне тоқталды.
Жазира ДОСМАҒАНБЕТ