Бұл, жұмыс күші мол аймақтардағы тұрғындарды мамандар тапшы, алайда өмір сүруге қолайлы, баспанамен қамтуға толық жағдайы бар облысқа көшіру жөніндегі мемлекеттік бағдарлама аясында атқарылып жатқан шаруа.
2014 жылдың соңында Риддер қаласына оңтүстік өңірлерден 30 отбасы көшіп келген. Оларға «Жұмыспен қамту-2020» жол картасы бағдарламасы бойынша салынған көпқабатты үйден баспана берілген.
Қазір Шығыс Қазақстан облысында 1363 адамның жұмыс орны бос тұр. Риддер қаласында дәрігерлер мен мұғалімдер тапшы. Ал, ауылдық жерлерде негізінен шаруа қожалықтарында жұмыс істейтін азаматтар қажет.
Облыстық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы өздерінің ресми сайтында арнайы айдар ашып қойған. ШҚО-ға қоныс аударғысы келетін азаматтар өздеріне қажет барлық ақпаратты осы жерден таба алады.
Берік КӨШЕРБАЕВ