Бурабай аймағы - қазақ хандарына тұрақ болған тарихи өлке - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бурабай аймағы - қазақ хандарына тұрақ болған тарихи өлке

11.06.2015
Бурабай аймағы - қазақ хандарына тұрақ болған тарихи өлке

Дегенмен, мамандардың пікірінше, Бурабайдың зерттелмеген жақтары да аз емес. Ал, бүгінде Абылайхан алаңы туристерді қызықтыратын орындардың біріне айналған.

Абылайхан алаңы  келушілер арасында танымал. Көкшетау тауының бөктеріндегі аумақта Абылайхан үлкен мәжілістер өткізген.

Абылайханның тұрағы Қызылағаш деген жерде болған. Тарих жанашырларының арқасында арнайы белгі қойылған.
Бурабай аймағында болған тарихи оқиғалар көркем шығармаларда да көрініс тапқан. Сондай-ақ, XVIII ғасырдағы ресейлік зерттеушілер біраз дерек қалдырған.  

Бурабайдың баурайында XIX ғасырда отарлаушы саясатқа қарсы күрескен Кенесары Қасымұлы да тұрақтаған деген пікірлер бар. Қарсылас әскерінен жасырынған төбеге арнайы тас белгілер де орнатылған.

 

Ермек ЕЛБЕРГЕН

Хабарламаларға жазылу