АҚШ-та 3,5 жылға сотталған Азамат Тәжаяқов абақтыда тек 11 ай отыруы мүмкін. Егер жақсы тәртібімен көзге түссе, жазасын өтеу мерзімі 6 айға қысқарады.
Сондай-ақ, отандасымызға белгіленген қаржылық жаза қысқарды.
Дегенмен, Азамат пен оның ата-анасы бұл шешіммен келіспей отыр. Ал, АҚШ заңдары бойынша шағымдар 1-1,5 жыл аралығында қарастырылады. Сондықтан, қазір адвокаттар апелляция беру жайын ойластыруда.
Жазира ДОСМАҒАНБЕТ