Жаз келгенімен, Павлодарда көкөніс құны шарықтап тұр. Себебі, саудагерлер жергілікті өнімнің өзіне 100 пайыз үстеме баға қойған.
Бұл әкімдік тарапынан ұйымдастырылған рейд кезінде белгілі болды.
Мәселен, жылыжайда көкөніс өсірумен шұғылданатын шаруашылықтарда қиярдың көтерме бағасы - 150 теңге. Ал, дүкендер мен базарларда 300 теңгеден сатылып жатыр.
Қияр және басқа да көкөніс түрлеріне 15 пайыздан артық үстеме қосылмауын әкімдік қатаң бақылауда ұстайтын болады.
Болат АМАНБАЕВ