Оңтүстік Қазақстан облысында «жемқорлық жасады», деген айыппен екі мемлекеттік қызметкер жұмыстан босатылды.
Тағы үшеуінің лауазымы төмендетіліп, сөгіс берілді. Жазаға іліккендердің дені - білім саласының қызметкерлері.
Созақ ауданы білім бөлімінің бұрынғы басшысы мен Шымкент қаласы білім бөлімі басшысының орынбасары мемлекеттік сатып алу ісінде заңбұзушылыққа жол берген.
Тендер өткізу барысында олар «қуыршақ» мекемелердің жеңімпаз болуына жағдай туғызған. Керісінше, оған бәсекелес өзге компанияның құжаттарынан қасақана қателік тауып, кешіктіргені белгілі болып отыр.
Ғани ҚАЛМАХАНОВ