Семейде татар ұлттық мәдени орталығы Сабантой жасады. Дәстүр бойынша егін науқанының сәтті аяқталуын атап өтетін шаруалар мейрамының жыл санап мәні өзгеріп келеді.
Мәселен, Семейде бұл мерекені татар этносының өкілдері ғана емес, өзге де ұлттық мәдени орталықтар тойлайды. Сондықтан, Сабантой достық пен бірлік, татулық пен бейбітшілікті насихаттайтын шара деңгейіне көтерілген.
«Бүгінгі мейрам - татулық пен бірліктің, толеранттылықтың көрінісі», дейді «Хақ» Ертіс бойындағы татарлар одағының төрағасы Ғабдулхақ Ахунжанов.
Ержан ЖАҚЫП