Мәселен бір мекеме ата-ана қамқорлығынсыз қалған баланы қанатының астына алып, оның тәрбиесіне тікелей ат салысып, оқытып, тоқытады. Маман иесі атанған соң, сол кәсіпорынға жұмысқа да алады. Баспана жайына да қолдау көрсетеді.
Қамқоршы ұжым оның атына «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде» есепшот ашып, кәмелетке толғанға дейін қаражат жинақтайды.
Бүгінде ізгі іс басталысымен өңірдегі 4 кәсіпорын өкілдері ата-аналарынан айырылған жас балғындарды қамқорлықтарына алу жөніндегі меморандумға қол қойды.
Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ