Павлодарда шыбын-шіркей қаптап кетті. Зиянкестерді жоюға бюджеттен 158 миллион теңге қаражат бөлінген. Әзірге оның жартысы игерілді.
Бірақ, мамыр айының ортасында басталған жұмыстардың нәтижесі айтарлықтай емес.
Мамандардың пікірінше, бұған өңірдегі өзен-көлдердің суының деңгейі шамадан тыс жоғарылауы себеп болып отыр. Оның үстіне су лайлы болғандықтан, биопрепараттардың шыбын-шіркей дернәсілін жоюға әсері аз.
Болат АМАНБАЕВ