Осымен 4-ші рет ұйымдастырылған ауқымды шара «Мәңгілік ел» салтанат қақпасынан бастау алды. Көк байрақты желбіреткен мерекелік автошеру қаланың орталық көшелерінен жүріп өтті.
Қызылжар жұртшылығы да мерекені көтеріңкі көңіл-күймен атап өтті. Алдымен Ұлттық ұлан сарбаздары мемлекеттік рәміздерді салтанатты түрде төрге шығарды. Мейрамға орай еңбегімен ерекшеленген бір топ азаматқа марапат грамоталары табысталды.
«Менің – Туым! Менің – Елтаңбам! Менің – Әнұраным!». Өскеменде өткен мерекелік шара осылай аталады. Акция аясында аймақ өміріне белсене қатысқан азаматтар құрметке бөленді. Ал, зауыттарда салтанатты жиындар өтіп, бір-біріне көк байрақты табыстады.
Ақтаудағы мереке күніне белсенді жастар ерекше ат салысты. Олардың қатарында жасөспірімдер спортының дамуына айтулы үлес қосқан өрендер де бар.
Жазира ДОСМАҒАНБЕТ