Көрмеге қолданбалы өнер шеберінің барлығы 60-тан астам гобелендері мен текеметтері қойылған. «Дала аңызы» тақырыбында өткен шара Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналды.
Суретші еңбектерінің негізгі тақырыбы – қазақ даласы. Оның шығармашылық жұмыстарында ел тарихы мен мәдениеті бейнеленген. Өнер иесінің ерекше туындылары Қазақстаннан бөлек, Ресей, Түрікменстан, Түркия мұражайларында тұр.
Көрме алдағы уақытта Шымкент, Бішкек қалаларында жалғасын таппақ.
Фариза АУЛБАЕВА