«Балам жастайынан дімкәс болып туылған. Кейін дәрігерлердің қарауынсыз қалып, жасөспірім кезінде өкпе эхинокок-ірің киста дертіне шалдықты. Қазір күніне беретін дәрісі 1.500-2000 теңге тұрады. Оған біздің қалтамыз көтермейді. Енді дәрігерлер дәрісін қабылдамаса инфекция қанға өтіп кетеді деген қауіпті айтуда. Баламды Шымкентке емге жеткізе алмай отырмын. Соған Түркістан қаласы әкімдігінен көмек сұраймын», - дейді көрермен.