Семейдегі Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық колледж директоры қызметінен босатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейдегі Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық колледж директоры қызметінен босатылды

03.06.2015
Семейдегі Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық колледж директоры қызметінен босатылды

Колледж басшысы мемлекеттік сатып алу туралы заңды өрескел бұзған. Өткен жылдың соңында білім мекемесі  мемлекеттiк сатып алу веб-порталына 50 компьютер сатып алу туралы ақпарат жариялаған.

Тендерді ұтып алған кәсіпкерге 30 пайыз несие қаржы бірден төленген. Ал біраз уақыттан соң, колледж директоры бастапқы шарт мерзімін ұзарту жөнінде қосымша келісімге қол қойып, кәсіпкерге қалған қаражатты төлеп тастаған.

 

Берік КӨШЕРБАЕВ

Хабарламаларға жазылу