Алматы облысына жер бетінен жойылып кетуге шақ қалған сиыр тұқымдас жануарлар әкелінді. 8 зубр Алакөл ауданындағы Лепсі ауылының маңына, табиғат аясына жіберілді.
Жануарлар Беларусь еліндегі Беловеж нуынан әкелінген. Ол жерде мүйізділердің бүгінгі таңда небәрі 500-ге жуығы қалған.
Табиғаты Жоңғар Алатауының етегіндегі орманды алқаптарға ұқсас болғандықтан, зубрлар осы жерге жіберілді. Жануарлардың әрқайсысының салмағы 600 келіден бір тоннаға дейін жетеді.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ