Қарағанды облысының Сәтбаев қаласында 46 жастағы жол-патрульдік полициясы қызметкерін өз пәтерінде өлтіріп кетті. Марқұм Марат Әлішевтің денесінде қатты соққы іздері болған.
Қазір облыстық Ішкі істер департаментінің, Жезқазған қалалық Ішкі істер басқармасы және Сәтбаев қалалық Ішкі істер бөлімінің мамандарынан құралған арнайы жедел іздестіру тобы жұмыс істеуде.
Марат Әлішевтің оқиға кезінде қызмет бабында болмағаны анықталды.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ