Павлодар облысында егістік алқаптарының 40 пайызына ғана дән себілді. Бұған бөгет болып отырған толассыз жауған жаңбыр.
Жанар-жағармай жеткілікті, техника сақадай сай болғанымен, топырақ сазға айналып, жұмысты атқаруға мүмкіндік берер емес.
Диқандар амалдап-ақ жатыр. Мүмкіндігі барлар ерте пісетін тұқым сатып алуда. Себебі, тамыз және қыркүйек айлары құрғақ болады, деген болжам бар.
Болат АМАНБАЕВ