Қарағандыда Халықаралық балаларды қорғау күніне орай автошеру өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда Халықаралық балаларды қорғау күніне орай автошеру өтті

02.06.2015
Қарағандыда Халықаралық балаларды қорғау күніне орай автошеру өтті

Қарағандыда Қазақстан кәсіпкерлері қауымдастығы мен «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысының ұйымдастыруымен автошеру өтті.

Шараға 100-ден астам жеке көлік иелері қатысты.

Автошерушілер қала көшелерімен жүріп өтіп, Майқұдықтағы жетімдер үйіне ат басын тіреді.

Мекеме басшылығының өтінішімен 50 кәсіпкер бірлесіп, балаларға «OTAU TV» спутниктік қондырғысын сыйға тартты.

Бұған қоса, сайқымазақтар мен ертегі кейіпкерлерінен тұратын өнерпаздар тобы балаларға концерт қойды.

 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу