Қостанай облысында киіктерге келген нәубеттің зардабын жоюға қатысқан сарбаздарға құрмет көрсетілді.
Осындағы әскери бөлім сарбаздары мамыр айында ақбөкендер жаппай қырыла бастаған аумаққа алғашқылардың бірі болып аттанған еді.
Олар екі аптаға жуық уақыт далада өлі жануарларды көму жұмыстарына қатысты. Осы еңбектері үшін сарбаздар мен сардарларға алғыс айтуға облыс әкімі әскери бөлімге келді.
Сап түзеген сарбаздар алдында сөз сөйлеп, салтанатты түрде арнайы марапат қағаздарын табыстады.
Дәуренбек ӘБДІБЕК