Ақтөбеде екі балабақша пайдалануға берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде екі балабақша пайдалануға берілді

02.06.2015
Ақтөбеде екі балабақша пайдалануға берілді

Ақтөбеде екі бірдей балабақша ашылды. Оның бірі Заречный-4 елді мекенінде салынған 150 орындық «Нұр-Ай» балабақшасы.

Ал, екіншісі - «Батыс-2» шағын ауданында орналасқан 320 балаға шақталған «Айлин» мектепке дейінгі ұйымы.

Бөлмелері ерекше жиһаздар, түрлі ойын материалдарымен жабдықталған. 

«Монтессори», лингвистикалық кабинеттер, көркемсурет, музыкалық және дене шынықтыру залдары қызмет көрсетпек.

Жаңа нысанның ашылуымен 80 адам жұмыс орнымен қамтылмақшы. Өңір басшылығы биыл облыста тағы 7 балабақша ашылатынын айтып отыр.  

 

Жақсыбек КЕМАЛ

Хабарламаларға жазылу