Қарағандыда асық атудан балалар арасында «Мерген» атты жарыс өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда асық атудан балалар арасында «Мерген» атты жарыс өтті

01.06.2015
Қарағандыда асық атудан балалар арасында «Мерген» атты жарыс өтті

«Мақсатымыз – кенже қалып қойған ұлттық ойынды дәріптеу, балалардың санасына сіңіру», - дейді ұйымдастырушылар.

Екі топқа бөлінген балалар кезектесіп асық атып, шеңберден шығаруға тырысты. Мергендер естелік сыйлықтармен марапатталды.

Жарыстың бас төрешісі Сәкен Әнуарұлы асық ойыны балаларды мергендікке, ептілікке тәрбиелейді- дейді.

 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу