Ақтөбеліктер қала күнін атап өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеліктер қала күнін атап өтті

01.06.2015
Ақтөбеліктер қала күнін атап өтті

Мерекелік думан Тұңғыш Президент атындағы орталық саябақта ұйымдастырылды.

«Туған күніңмен, ару қала!» деп аталатын мерекелік бағдарламаны жұртшылық ерекше қызығушылықпен тамашалады.

Биылғы думанның басты жаңалығы - «Мен Ақтөбені сүйемін» бейнефильмі. Қала күніне орай жарық көрген туындыда аймақтың тарихы мен әсем көріністері бейнеленген.

Шаһар басшылығы өңірдің жан-жақты дамуына үлес қосып, кәсіби және қоғамдық қызметтерде қол жеткізген жетістіктері үшін белсенді азаматтарды алғыс хаттармен марапаттап, ақшалай сыйлықтар табыстады. 

 

Жақсыбек КЕМАЛ

Хабарламаларға жазылу