Бес-алты жыл бұрын елдегі ветеринарлық жүйе жеке бизнеске беріліп, сала тұтасымен тұралап қалған болатын. Министр Мамытбековтың 2011 жылы қызметке кірісіп, қолға алған бірінші шаруасы ветеринарлық қызметті мемлекет еншісіне алу болды.
Тиісті заңнама реттеліп, министрлік құрамында Ветеринарлық комитет қайта құрылды. Аудан орталықтарында қазір 196 ветстанция, ауылдарда 2300 ветеринарлық бекет жұмыс істеуде. Зертханалар мен бекеттер соңғы техникамен жабдықталған.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ