Жаз келсе Шығыс Қазақстандағы Ақсуат ауылындағы жұрттың зәресі кете бастайды.
Соңғы бір-екі жылдан бері Зайсан көлінің жағасында тұрған шағын елді мекендегі үйлер суға құлап жатыр. Бұл мәселе өткен жылы Ұлттық арна эфирінен екі рет көрсетілді.
Жарқабаққа тым жақын орналасқан 6 үйдің орнына қырдан жаңа баспана тұрғызылуы тиіс еді. Бірақ, басталған іс соңына дейін жетпепті, екі үйдің құрылысы әлі күнге дейін бітпеген.
Екі отбасы құзырлы органдарға сан рет хат жазған. Енді арызды Астанадағы Мәжіліс депутаттарына жолдамақ.
Ал, ауыл әкімі бүгін Өскеменнен қозғалмайтын мүлікті бағалайтын тәуелсіз маманды шақыртты.
Берік КӨШЕРБАЕВ