Жаз келсе, жұрт біткен тауға шығып демалып, қыдырады. Сіз дастархан жаймақ болған жерде кене бар ма, жоқ па, қалай білуге болады?!
Мамандар «ақ жайма алып жүрген дұрыс», дейді.
Бұдан бөлек, тауға шыққанда мейлінше ақ түсті әрі жеңі ұзын киім киген дұрыс. Ал, шалбарыңыздың балағын буып алғаныңыз жөн. Себебі, бұл жәндік жыланнан да қауіпті.
Кенені денеңізден көрсеңіз, өз еркіңізбен жұлып алмаңыз. Ауырсынуды сезінбесеңіз де, тез арада ауруханаға бару керек.
Қазір жер-жерде төрт түлікті арнайы дәрілі суға шомылдырып жатыр. Сондай-ақ, кене көп болуы мүмкін аймақтар улы химикаттармен зарарсыздандырылуда.
Нұрбек БЕКБАУ