1-маусым - Балаларды қорғау күніне орай Астана қаласының әкімдігі Жастар саясаты мәселелері басқармасының бастамасымен мәдени-спорттық шара өтті.
«Көңілді старт» деп аталатын сайыс осымен үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр.
Онда аула клубтарының оқушылары бақ сынасады.
Эстафеталық ойындардан тұратын жарыстың басты мақсаты - жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын қалыптастырып, аула балаларына достықты насихаттау.
Дәстүрге айналған жарыс жеңімпаздарына отандық өнімнің тәтті тарту-жоралғылары мен бағалы сыйлықтар табысталды.
Дәулетхан МҰРАТҰЛЫ