![Елімізде егін егу науқаны созылуы мүмкін](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_72640.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Биыл елімізде егін егу науқаны созылуы мүмкін. Бұл туралы бүгін Ауыл шаруашылығы вице-министрі Сапархан Омаров мәлімдеді.
Оның айтуынша, мамыр айында жауған шауын-шашын жылдық орташа нормадан үш есеге артып отыр.
Осыған байланысты егін егу науқаны созылып, майлы және дәнді дақылдардың кеш пісіп-жетілуіне әсер етуі мүмкін.
Сондықтан, вице-министр фермерлерді астық кептіруге арналған жабдықтарды қамдауға шақырды.
Айдана ҮСЕНБАЙ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елімізде егін егу науқаны созылуы мүмкін&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/index.php/news/40788/)