Тараздағы гүл өсірумен айналысатын «Жасұлан флора» жылыжай кешені шетелге шығарылатын тауар көлемін ұлғайтып отыр.
Озық технологиямен өсірілетін гүлдерге сұраныс артып келеді.
Кәсіпорын жылына үш милион түптен астам гүл өсіріп, сыртқа тасымалдайды. Сегіз жыл бұрын жұмысын бастаған серіктестік бүгінде дамудың даңғыл жолына түскен.
Мұнда гүлдің 30-дан астам түрі өсіріледі. Кешенде 100-ден астам адам еңбек етеді. Дені - жергілікті тұрғындар. Олар гүл өсірудің технологиясын мейлінше меңгеріп, еңбек өнімділігін арттырып отыр.
Сәбит ӘЛДЕБАЙ