Павлодарда 600-ге жуық адам қала көшелерінде велосипедпен жүріп өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда 600-ге жуық адам қала көшелерінде велосипедпен жүріп өтті

26.05.2015
Павлодарда 600-ге жуық адам қала көшелерінде велосипедпен жүріп өтті

Өткен демалыс күні Павлодарда 600-ге жуық адам велосипедке отырып, қала көшелерімен жүріп өтті.

Халықаралық Олимпиада күніне орай ұйымдастырылған бұл шараға тұрғындар өз еріктерімен қатысқан.

Олар бір сағатта 11 шақырым жолды жүріп өтті.

«Велосипедке мінген көп адамдарды көрген балалар қызыға қарап тұрды. Ертеңгі күні солардың арасынан мықты спортшылар шығады. Сондықтан, мұндай шараларды жиі ұйымдастыру керек», дейді шараға қатысушылардың бірі Денис Лопатко.

 

Болат АМАНБАЕВ  

Хабарламаларға жазылу