Астанадағы нөсерді пайдаланып, кей пысықтар бизнестің жаңа түрін ойлап табуда. Олар көлшіктерді кешіп, астынан көлік нөмерін тауып, оны иесіне пұлдауда.
Ауа-райының күрт өзгеруіне не себеп? Бір нұсқа бар. Осыдан 4 күн бұрын, Байқоңырдан ұшып шыққан зымыран Арқадан асып өтіп, 8 минут өткенде, Байкалға барып құлаған еді. «Ауа рйының бұлқан-талқанын шығарған сол – протон болуы мүмкін», - дейді халықаралық сарапшы.