Тұрғындардың айтуынша, бұл күні сол маңдағы өзеннің суы 2 метрге дейін көтерілген. Қазір тасқынның беті толық қайтты. Тұрғындар үйлеріне оралып, аулаларын тазалап жатыр. Тасқыннан бүлінген үйлердің көбі жөнделеді.
Ал, 10 үй жаңадан салынады. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарын жүргізетін мердігер компаниялар анықталып, қажетті қаражат бөлініп қойды. Облыс әкімі Даниал Ахметов тасқыннан зардап шекен ауылдарда атқарылатын жұмыстарды тікелей бақылауында ұстап отыр.
Берік КӨШЕРБАЕВ