ІІІ топтағы мүгедек Жанаргүл Изетоваға қаржылай қолдау көрсетілді. Енді ол Мәскеу қаласындағы ауруханалардың бірінде емделмек.
Оның жолдасы да І топтағы мүгедек. Қамкөңіл жан өзіне қолдау көрсеткен ақтөбелік кәсіпкерге алғысын жеткізді.
Жанар Есетова да туа біткен сал ауруына шалдыққан жандардың бірі. Жүріп-тұруы қиын болса да, еш мойымай жұрт қатарлы өмір сүріп келеді.
Ақтөбеде ерікті ретінде жұмыс істеп жүрген Оңтүстік кореялық азаматтардың қолдауымен, Жанар да шетелде емделуге мүмкіндік алды.
Жақсыбек КЕМАЛ