Арнайы келген соғыс ардагері мен қала әкімінің орныбасары құттықтау сөз сөйлеп, жас сарбаздарға сәт сапар тіледі. Жергілікті өнерпаздар отан қорғаушылардың құрметіне ән шырқады.
Іс-шараның мақсаты – жастарға отансүйгіштік тәрбие беру. Қостанайлықтар бүгін салтанатпен шығарып салған 40 сарбаз Сарыөзек кентіндегі аэроұтқыр әскерлері қатарында қызметін өтейтін болады.
Дәуренбек ӘБДІБЕК