Алматыда «II Халықаралық Түркі әлемі зерттеулері» сипозиумы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «II Халықаралық Түркі әлемі зерттеулері» сипозиумы басталды

20.05.2015
Алматыда «II Халықаралық Түркі әлемі зерттеулері» сипозиумы басталды

Жиынның мақсаты - Түркі халықтарының мәдени, рухани құндылықтарын зерттеу, әлемдік заманауи бағытқа сай жаңғырту.

ТМД елдері мен Қазақстанның барлық аймағынан келген 500-ден астам ғалым Түркітану ілімінің бағыттары мен келешегін сараламақ.

Симпозиумға жиылған мамандар түркі әлеміне ортақ әліпби құру мәселелерін жан-жақты қарастыруда.

Шара аясында қазақ халқының мәдениеті мен руханиятын көрсететін көрме ұйымдастырылып, «Түбі бір Түркіміз» атты фестиваль өткізу жоспарланған.

 

Аманкелді СЕЙТХАН

Хабарламаларға жазылу