Жиынның мақсаты - Түркі халықтарының мәдени, рухани құндылықтарын зерттеу, әлемдік заманауи бағытқа сай жаңғырту.
ТМД елдері мен Қазақстанның барлық аймағынан келген 500-ден астам ғалым Түркітану ілімінің бағыттары мен келешегін сараламақ.
Симпозиумға жиылған мамандар түркі әлеміне ортақ әліпби құру мәселелерін жан-жақты қарастыруда.
Шара аясында қазақ халқының мәдениеті мен руханиятын көрсететін көрме ұйымдастырылып, «Түбі бір Түркіміз» атты фестиваль өткізу жоспарланған.
Аманкелді СЕЙТХАН