Алматыда Оңтүстік Қазақстан облысы тауар өндірушілерінің ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Оңтүстік Қазақстан облысы тауар өндірушілерінің ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті

16.05.2015
Алматыда Оңтүстік Қазақстан облысы тауар өндірушілерінің ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті

Жәрмеңкеге жалпы 202 тонна өнім түрлері әкелінген. 56 тонна ет өнімдері, 56 тонна көкөніс өнімдері, кептірілген жемістер - 3 тонна, 68 тонна басқа да өнімдер бар.

Тасымалданған тауарлардың жалпы құны 100,6 миллион теңгеден астам қаржыны құрайды. Өнімдер нарықтағы бағадан 15-20 пайызға арзан сатылды. Шаһар әкімшілігі тұрғындардың сұранысы бойынша  осындай жәрмеңкелерді жиі өткізуді жоспарлап отыр.

Аманкелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу