
Жорық жолында талай жаудың бетін қайтарып, жеңіс күнін жақындатуға бір кісідей атсалысты. Бүгінде батырдың есімі мектептер мен көшелерге берілген.
Тайыр Тастандиев майданға 1942 жылдың күзінде аттанды. Алғашқы жорық жолында-ақ «Ерлігі үшін» медалімен марапатталып, өжеттіктің өшпес өнегесін көрсетті.
