Жиында тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысы сөз болды. Мамандар баяндама оқып, мемлекеттік тілді дамытудағы үздік тәжірибелерін таныстырды.
Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі алдағы уақытта Мемлекеттік тілдің медицина саласындағы қолдану аясында қандай дәрежеге жеткенін анықтау мақсатында қызметкерлер мен мекемелер арасында байқау ұйымдастырмақ.
Нұрлан НАУРЫЗАЛИЕВ