Теміртау қаласында БТР жеңіл көлікті жаншып кетті. Оқыс оқиға көше қиылысында болған. Қатты жылдамдықпен келген әскери техника «Lada Priora» автокөлігін басып өте шыққан.
Жеңіл көлік жүргізушісі Теміртау қаласындағы №3 ауруханаға жеткізілді.
Қазір полиция қызметкерлері болған жайттың жай-жапсарын анықтауда. Қылмыстық Кодекстің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ