«Бәйтерек» холдингі биыл республика бойынша 9 740 пәтер тапсырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Бәйтерек» холдингі биыл республика бойынша 9 740 пәтер тапсырады

06.05.2015
«Бәйтерек» холдингі биыл республика бойынша 9 740 пәтер тапсырады

Биыл республика бойынша 487 мың шаршы метр немесе 10 мыңға жуық пәтер тапсырылмақ. Олардың 50 пайызы жас отбасыларға беріледі.

Пәтерлер 20 жыл ішінде біртіндеп сатып алу шартымен ұсынылады.

Бағдарламадағы соңғы жаңалық - пәтерақысына қоса төленетін мүлік салығының мөлшерлемесі 1,5 пайыздан 0,25 пайызға төмендеді.

Салық кодексіне енгізілген бұл өзгеріс тек келер жылдың 1 қаңтарынан бастап іске асады.

 

Жазира ДОСМАҒАНБЕТ

Хабарламаларға жазылу